Еріктілер клубы – студенттердің қоғамдық ұйымы және студенттерді еріктілер қызметіне тарту арқылы олардың ортақ мүдделері негізінде құрылған.
Еріктілер клубының мақсаты – мұқтаж жандарға көмектесу, тәуелділіктің алдын алу, студенттердің рухани дамуы мен өзін-өзі жетілдіруіне көмектесу арқылы білім алушылардың назарын позитивті құндылықтарға аудару.
Еріктілер клубы алдына мынадай міндеттер қояды:
- білім алушылардың азаматтық және қоғамдық белсенділігін арттыру;
 - студенттер арасында позитивті құндылық бағдарларын, оның ішінде салауатты өмір салтын қалыптастыруға жағдай жасау;
 - жастардың шығармашылық және әлеуметтік өзін-өзі қалыптастыруына жәрдемдесу;
 - студенттерді нақты қоғамдық пайдалы іс-әрекетке қосу.
 
Еріктілер клубының негізгі қызметі:
- салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған профилактикалық жұмыс;
 - қайырымдылық шараларына қатысу (мүмкіндігі шектеулі жандарға, аз қамтылған адамдарға, қарт азаматтарға, босқындарға және т.б. жан-жақты көмек көрсету);
 - білім алушылардың интеллектуалдық және шығармашылық дамуы (интеллектуалдық шығармашылық іс-шараларды, конкурстарды, мерекелерді ұйымдастыру және өткізу);
 - халыққа арналған мақсатты бағдарламаларды іске асыру үшін мемлекеттік және қоғамдық институттармен өзара ынтымақтасу;
 - Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін қызметтің өзге де бағыттары.
 
