Ғылыми-техникалық кеңес (ҒТК) — университеттің ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті қалыптастыру және практикалық іске асыру саласындағы алқалы органы, ол университет ғылым секторының барлық сегменттері арасындағы тиімді өзара әрекеттесу және профессорлық-оқытушылық құрамды ғылыми-зерттеу қызметіне белсенді тарту мақсатында құрылған.
Ғылыми-техникалық кеңестің төрағасы – ғылым және стратегиялық даму жөніндегі проректоры болып табылады
Ғылыми-техникалық кеңестің мақсаты – профессорлық-оқытушылар құрамының ғылыми қызметін белсендіру, университеттің ғылыми саясатын тиімді жүзеге асыру, университеттің ғылыми жетістіктерін кеңінен насихаттау.
Ғылыми-техникалық кеңестің негізгі міндеттері:
- ғылымды тиімді дамыту мүддесінде университеттің біртұтас саясатын, Университетті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру, ұлттық және жаһандық үрдістерді ескере отырып ғылыми зерттеулердің перспективалық бағыттарын анықтау;
 - университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми өнімді жасауға және ғылыми зерттеулер нәтижелерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қатысуын қамтамасыз ету, оларды енгізу бойынша ұсыныстар беру;
 - университеттің ғылыми әлеуетін сақтау және дамыту;
 - іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерге ғылыми сараптама жүргізу;
 - университет ғалымдары мен студенттерінің перспективалық аяқталған ғылыми-зерттеу жұмыстарын іріктеу және ұсыну;
 - инновациялық қызметті дамытуға жәрдемдесу;
 - бірлескен ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруда халықаралық байланыстарды дамыту және университет пен жетекші отандық және шетелдік ғылыми орталықтармен, оның ішінде халықаралық бағдарламалар шеңберінде тиімді ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу.
 
Ғылыми-техникалық кеңестің құзыреттері:
- университеттің ғылыми бағыттарын, тақырыптық жоспарларын қарау және бекіту;
 - ҒЗТКЖ, инновациялық жобалар, зерттеулер бойынша сараптама жүргізу және ұсыныстарды іріктеу;
 - университеттің құрылымдық бөлімшелерімен жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының, шаруашылық келісім-шарттық және бастамашылық ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін бағалау;
 - жоғары оқу орындары мен ғылыми бөлімдердегі ғылыми-зерттеу жұмыстарына мониторинг жүргізу;
 - университеттің ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастырудың барлық іргелі мәселелері бойынша шешімдер қабылдау;
 - ғылыми жобалар басшыларының, ғылыми зертханалар, орталықтар басшыларының жыл сайынғы есептерін тыңдау;
 - монографияларға, оқулықтарға, оқу-әдістемелік құралдарға, ғылыми мақалаларға сараптама жасау;
 - оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді, оқу-әдістемелік әзірлемелерді, монографияларды қарау және басып шығаруға ұсыныс беру;
 - бизнес-ортаның, қаржы институттарының өкілдерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының, жақын және алыс шетелдердің жетекші ғалымдарын бірлескен ғылыми зерттеулерге тартуға жәрдемдесу;
 - университеттің құрылымдық бөлімшелерінің ғылыми қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу.
 
