Ғылыми жобалар мен зерттеулер


ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР

Баишев Университетінде гранттық қаржыландыру аясында PhD Ж.А.Майданғалиеваның жетекшілігімен 2 ғылыми жоба жүзеге асырылып жатыр:

ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР

Университеттің жоғары мектептерінің ғылыми зертханаларында кәсіпорындармен/ұйымдармен – ғылыми тақырыптардың тапсырыс берушілерімен жасалған шарттарға сәйкес ҰМТҒСО АҚ тіркелген бакалавриат және магистратура бағыттары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізіледі.

-//-

 «Педагогикалық ғылымдар» білім беру бағдарламалары бойынша университет оқытушылары мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және орта білім беру ұйымдарымен жасалған келісім-шарттар негізінде ғылыми зерттеулер жүргізеді. Ғылыми зерттеулерге «Педагогика ғылымдары» білім беру бағдарламаларының білім алушылары қатысады.

-//-

2021 жылдан бастап ғылым және инновация департаментінің ғылыми қызметкері, магистр Ж.Т.Калыбекова «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ үшін «Әлия и Ко» ЖШС-мен жасалған шаруашылық келісімі бойынша өндірістік қызметтің ықтимал әсерінің сипаттамасымен экологиялық мониторинг жүргізумен айналысады.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР

Баишев Университеті 2019-2025 жж. кезеңіне жасалған келісімшарт негізінде М.Ақмолла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университеті (Уфа қ., Башқұртстан) Шет тілі және екінші шет тілін оқыту әдістемесі кафедрасымен бірлесіп «Көпмәдениетті қоғамда студенттерге шет тілін оқыту үдерісін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету»/«Научно-методическое обеспечение процесса иноязычного образования студентов в условиях поликультурного социума» тақырыбында халықаралық ғылыми жоба бойынша жұмыс жүргізілуде.

-//-

Баишев Университеті мен «Ресей сәулет-құрылыс ғылымдары академиясының құрылыс физикасы ғылыми-зерттеу институты» Федералдық мемлекеттік бюджеттік мекемесі (Мәскеу қ.) арасындағы № 17/40/2024 еңбек келісімшарты негізінде Ресей сәулет және құрылыс ғылымдары академиясының және Ресей Федерациясының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрлігінің іргелі зерттеулерінің Жоспары бойынша техника ғылымдарының докторы, Әлеуметтік-техникалық ғылымдар жоғары мектебінің профессоры Исакулов Б.Р.  – «Құрылымдық құрылыс материалдары үшін құрамында күкірті бар байланыстырғыштар алу арқылы мұнай өңдеу және металлургиялық өнеркәсіп қалдықтарын детоксикациялаудың ғылыми негіздері» халықаралық жобасы бойынша жұмыс жасап жатыр.

Skip to content