Академиялық ұтқырлық


Баишев Университеті академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында келесі білім беру бағдарламалары бойынша серіктес ЖОО-лардан білім алушыларды қабылдайды. Мамандықтар тізімі:

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша (соның ішінде қашықтан оқыту форматында) келген студенттердің барлығы өздерімен бірге барлық қажетті құжаттарды алып келуі керек.

Құжаттар тізімі:

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі №152 бұйрығы негізіндегі Оқытудың кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру Қағидаларымен бекітілген үлгі бойынша өтініш (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, № 6976);
  2. өтініш беруші, қабылдаушы және жіберуші жоғары оқу орындары арасында жасалған келісім;
  3. оқыту келісімшарты;
  4. фото 3×4 (6 дана)
  5. ұсыныс хат;
  6. жеке оқу жоспары;
  7. транскрипт;
  8. жеке куәліктің және/немесе ұлттық төлқұжаттың көшірмесі;
  9. дипломдар, сертификаттар, мадақтамалар мен алғыс хаттардың көшірмелері (болса);
  10. үлгі бойынша Қазақстан Республикасының білім беру ұйымына оқуға келген шетел азаматының өтініші (ХБ департаментінде толтырылады);
  11. файлдары бар қалта.

Орналастыру

Баишев Университеті серіктес университеттердің білім алушыларына жатақханадан орын береді. Хостелден орын брондағыңыз келсе, алдын ала хабарлауыңызды өтінеміз.

Баишев Университеті 2013 жылдан бастап серіктес университеттерден академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында студенттер қабылдайды. Өзара алмасу аясында Алматы технологиялық университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агротехникалық университеті, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті және Қазақстанның басқа да жоғары оқу орындарының студенттері білім алды.

prikaz-_-158-2-ot-05.09.2023-o-napravlenii-za-rubezh-po-akad-mobilnosti
Skip to content Play