Университет студенттері студенттік театрдың мүшесі бола алады.
Студенттік театрдың мақсаты мен міндеттері:
- эстетикалық тәрбие беру жүйесін жетілдіру және студент жастардың шығармашылық әлеуетін іске асыру, адамгершілік, мәдени, тарихи, шығармашылық, дәстүрлерін сақтау және арттыру үшін жағдай жасау;
- студент жастарды көркемдік-ағартушылық, әлеуметтік маңызы бар іс-әрекетке араластыру үшін жағдай жасау;
- білім алушылардың бос уақытының мазмұнын жетілдіру және ұйымдастыру;
Студенттік театрдың атқаратын қызметі:
- өз жұмысын жоспарлау және оның даму перспективаларын анықтау;
- жаттығулар, шығармашылық кештер, спектакльдер өткізу;
- студенттік театр мүшелерінің кәсіби актерлар шығармашылығының үлгісін пайдалана отырып, шеберлікті меңгеру мақсатында театрларға баруы;