2025 жылдың 12-24 ақпан айында Баишев университеті «Этномәдени бірліктер жүйесі арқылы қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту әдістемесі» тақырыбында білім беру бағдарламасы бойынша оқыту жүргізеді. Курс бағдарламасы ЖТН 19680524 «Этномәдени бірліктер жүйесі арқылы қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту әдістемесі» (2023-2025 жылдар) ғылыми жобасының нәтижелеріне негізделген. Бағдарламаны жобаның зерттеу тобы мүшелері әзірледі (авторлары: PhD Майдангалиева Ж.А., PhD Күзембаева Г.А., PhD Ермекбаева Г.Г.). Курстың жауапты модераторы – Ермекбаева Г.Г. Курсқа барлығы 46 адам тіркелді. Конкурстық іріктеуден қазақ тіл білімі, қазақ тілін оқыту әдістемесі саласындағы ғылыми дәрежесі бар 20 маман өтті. Курстың жоғары сұранысқа ие екендігін қатысушылардың кең географиясы дәлелдей алады (Көкшетау – 1 адам, Петропавл – 4 адам, Астана – 6 адам, Қарағанды – 2 адам, Павлодар – 2 адам, Алматы – 2 адам, Қызылорда – 2 адам, Ақтау – 1 адам). Курс қашықтан оқыту арқылы ZOOM форматында өтеді.