Қашықтан оқыту


Қашықтан оқыту – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен телекоммуникациялық құралдарды пайдалана отырып, қашықтан білім беру процесіне қатысушылардың өзара әрекеттік байланысы.

Қашықтан оқыту білім алушылардың келесі санаттарына ұсынылады:

  • денсаулық жағдайы туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы бар білім алушыларға;
  • қатысу кезеңіне арналған халықаралық, республикалық оқу-жаттығу жиындарына, спорттық жарыстарға, зияткерлік және шығармашылық конкурстар мен фестивальдерге қатысушыларға;
  • жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) білім алушылар кадрлар даярлаудың белгілі бір бағыттарының тізбесі бойынша белгіленген көлемнен аспайды.

Қашықтан оқыту төмендегідей түрде жүзеге асырылады:

  • желілік технологиялар – интернетті пайдаланатын автономды желілік курстар;
  • мультимедиялық оқу материалдарының жинақтарын (кейстерін) қағазда, электронды және басқа тасымалдағыштарда құрастыруға және студенттерге өз бетінше білім алу үшін таратуға негізделген кейс технологиялары.
Skip to content Play