Критериалды бағалау: нәтижеден жетістікке

Баишев университетінің 30 жылдық мерейтойы аясында 2026 жылғы 15 қаңтарда Жаратылыстану-гуманитарлық ғылымдары жоғары мектебінің ұйымдастыруымен «Критериалды бағалау: нәтижеден жетістікке» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

Семинарды қауымдастырылған профессор (доцент), білім саласының профессоры Каплиева Айгүл Қыдырбаевна жүргізді. Іс-шараға Ақтөбе қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің педагогтері (№1 орта мектебі, №55 орта мектеп-гимназиясы, №39 қазақ орта мектебі, № 61 мектеп, Баишев мектеп-лицейі), сондай-ақ Баишев университетінің профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

Аталған семинардың өзектілігі Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауларында және «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасында айқындалған міндеттерді іске асыруға бағытталған маңызды кәсіби алаң ретінде айқындалды.