Студенттердің кәсіптік практикасы – білім беру бағдарламаларының құрамдас бөлігі.
Кәсіптік практика – болашақ кәсіби іс-әрекетке байланысты жұмыстың жекелеген түрлерін орындау процесінде теориялық білімдерді, дағдыларды бекітуге, тәжірибелік дағдылар мен іскерлікті меңгеруге және дамытуға бағытталған оқу іс-әрекетінің түрі.
Баишев университетінде кәсіптік практика Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің НҚА, СМЖ Е 201.12-2023 «Білім алушылардың кәсіптік практикасын ұйымдастыру туралы ереже», СМЖ Е 201.19-2023 «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласының білім алушылары үшін педагогикалық практиканы ұйымдастыру және өткізу туралы ереже», Мансап орталығының жұмыс жоспары бойынша жүргізіледі.
Келісімшарттық негізде кәсіптік практика өткізу үшін университет практика базасы ретінде кәсіпорындарды (ұйымдарды) анықтайды, олармен келісілген тағылымдамадан өтудің бағдарламалары мен күнтізбелік кестелерін бекітеді. Университет көп жылдар бойы кәсіптік практика базасы ретінде: Х.Досмұхамедұлы атындағы «№35 орта мектебі» КММ, «Ақтөбе қаласының №1 орта мектебі» КММ, «Ақтөбе қаласының №17 гимназия мектебі» КММ, «Ақтөбе облысының прокуратурасы» ММ, «AQBOBEK халықаралық мектебі», «Ақтөбе гуманитарлық колледжі» ММ, «Ә.Ермеков атындағы №23 орта мектеп» КММ, «Кемел аудит» ЖШС, «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ, Ақтөбе облысының нотариаттық палатасы, «КАХРОМ ТҰК» АҚ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы ЖШС – Магистральдық желі Ақтөбе филиалы және т.б. мекеме/ұйымдармен байланыста.