Студенттік парламент – мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша алқалы, консультативтік-кеңесші орган, оның құзыретіне мыналар кіреді: Баишев университетінің студенттері арасында мәдени, ғылыми және спорттық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу.
Студенттік парламентті оқу жылының басында сайланатын төраға басқарады.
Студенттік парламент құрамына:
- Студенттер парламентінің төрағасы;
- Жастар ісі жөніндегі комитет;
- Жатақхананың студенттік кеңесі кіреді.
Студент-сенаторлар студенттік деканаттың ағымдағы басшылық қызметін жүзеге асырады, оның құрамын қалыптастырады, жұмысын үйлестіреді, қажет болған жағдайда студенттердің проблемалық мәселелерін комиссияның қарауына шығарады.
Жастар ісі жөніндегі комитет (бұдан әрі – ЖІК) – студент жастардың құқықтары мен мүдделерін білдіру, қорғау, оларды жүзеге асыруға жәрдемдесу, студенттердің құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және тұрмыстық мәселелерін шешу мақсатында құрылған қоғамдық ұйым.
ЖІК қызметінің негізгі бағыттары: студенттердің мүдделерін, құқықтарының сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз ету; студент жастардың мәселелерін шешу бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу; студент жастардың проблемалары бойынша конференцияларға, сессияларға, форумдарға қатысу; семинарлар, дөңгелек үстелдер, пікірталастар, конференциялар, тренингтер өткізу; мәдени іс-шараларды ұйымдастыру; студенттік ортаның әлеуметтік-экономикалық және тұрмыстық жағдайын бақылау, сонымен қатар студенттік жатақханаларда, асханаларда, кітапханаларда рейдтер ұйымдастыру; кең ауқымды ақпараттық науқандарды ұйымдастыру және өткізу арқылы студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру (басылым өнімдерінің әртүрлі үлгілерін: плакаттар, стикерлер, күнтізбелер, буклеттер және т.б. тарату).
Жатақхананың Студенттік кеңесі (бұдан әрі – Студенттік кеңес). Студенттік кеңес студенттік жатақханаларда тұратын студенттерді оқу-тәрбие, мәдени, дене шынықтыру және сауықтыру жұмыстарын жақсартуға, студенттердің бос уақытын ұйымдастыруға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға, өз құзыреті шегінде университет басшылығына студенттердің тұрмыстық жағдай жағдайын жақсартуға және тұрмыстық мәселелер бойынша қызмет көрсетуге көмектесуге тарту үшін құрылған.