Филиалдар, дуальды оқыту


Білім беру бағдарламасының филиалы – Жоғары мектептің оқу-ғылыми құрылымдық бөлімшесі және оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асырады.

   Филиалды құрудағы мақсат – оқу процесін нақты өндіріске барынша жақындату, кәсіпорындардың кадрлық және материалдық-техникалық мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, білім алушыларды тарта отырып, бірлескен ғылыми жобаларды жүргізу, профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру негізінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлау сапасын арттыру.

Білім алушыларға кәсіптік практиканы ұйымдастыру, дуальды оқыту элементтерін енгізу, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, жобаларды жүзеге асыру, кәсіби тағылымдамадан өту, ғылыми кеңестер беру, шеберлік кластарын өткізу, маман-практиктердің сабақ өткізуі үшін ынтымақтастық туралы келісімдер, ББ филиалдарын құру туралы келісімдер негізінде 2024-2025 оқу жылы а «БатысМұнаймаш» ЖШС, «Қазақтелеком» Ақтөбе филиалы, «Казахстанская нерудная компания» ЖШС, Заң кеңесшілерінің палатасы базасында филиалдар құрылды.

     Дуальды оқыту жүйесінің элементтерін енгізетін Баишев Университеті теориялық дайындықты өндірістегі практикалық оқытумен ұштастыру негізінде оқу іс-әрекетін жоспарлап, ұйымдастырады.

 Дуальды жүйенің мақсаты – кадрлардың кәсіби дайындығын жетілдіру; кадрларды даярлау деңгейін жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне жақындату; оқыту мен өндіріс арасындағы байланысты нығайту.

 Университетте дуальді оқыту элементтерін енгізу кадрларды даярлау деңгейінің экономика салалары мен жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне жақындауын қамтамасыз етуге, білім мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға, түлектерді табысты жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етуге бағытталған.

    Университеттің дуальді оқыту элементтері бар оқу үдерісін жүзеге асыруға байланысты ББ-ға серіктес кәсіпорындар мен осы кәсіпорындардың тәлімгерлері бекітілген: «Құрылысконсалтинг Ұлттық орталығы» АҚ АФ, «Ай Шо Ра» ательесі, «Баишев мектеп-лицейі» ЖШС, «№17 гимназия» КММ, «Нұрлан-Қ.А. Күншуақ» балабақшасы, «Нектар» ӨК, «ҚТЖ-»Батыс» ЖШС филиалы, «Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясы» КММ, «Ақтөбе мұнай өңдеу» ЖШС, «Ақтөбе қаласының ветеринариялық-санитариялық сараптамасы» ЖШС, т.б.

Дуалды оқыту шеңберінде “сәулет және құрылыс конструкциялары 1” пәні бойынша “Нектар” ӨК базасында “құрылыс” ББ тәжірибелік сабақтары 2 курс.
Тәлімгер: Давлешеридзе и. в. – “Нектар”ӨК бас инженері

Skip to content