Халықаралық байланыстар департаментінің миссиясы – Қазақстандағы жоғары кәсіби білім беру, ғылыми және инновациялық мекеме ретінде университеттің халықаралық беделін арттыру мақсатында әлемнің жетекші оқу және ғылыми мекемелерімен өзара тиімді серіктестік орнату және дамыту.
Негізгі міндеттер:
- Ғылым, білім және мәдениет саласындағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастық бағдарламаларын дайындау;
- Білім беру қызметтерінің экспортын кеңейту бойынша шараларды жүзеге асыру;
- Халықаралық ынтымақтастық саласында университеттің құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.
Баишев университеті Халықаралық байланыстар департаменті университеттің халықаралық қызметін ұйымдастыру, ақпараттық және әдістемелік жағынан қамтамасыз ету, халықаралық ұйымдармен және оқу орындарымен ынтымақтастықты дамыту, оқу үдерісін жетілдіру, халықаралық тәжірибені шығармашылықпен пайдалану негізінде мамандар даярлау сапасын арттыру; білім алушылардың немесе оқытушы-зерттеушілердің белгілі бір академиялық кезеңге басқа жоғары оқу орнында (ел ішінде немесе шетелде) оқу немесе ғылыми-зерттеу, соның ішінде қашықтан оқыту форматын ұйымдастыру және үйлестіру мақсатында 2013 жылы құрылған.
Шетелде оқу
Баишев Университетінде шетелде білім беруді ұйымдастыру студенттерді әлемдік қауымдастықтың табысты және жетістігі мол мүшесі болу үшін халықаралық академиялық бағдарламалармен және білім алу мен дағдыларды дамытуға ыңғайлы мүмкіндіктермен интеграциялауға бағытталған. Университеттің колледжімен, профессорлық-оқытушылық құрамымен, оқытушыларымен және қызметкерлерімен серіктестікте біз шетелде білім беру туралы ақпараттандыруды арттыруға, мәдениетаралық байланысқа әсер етуге және қатысушылар мен бағдарламалардың әр түрлілігін қорғауға тырысамыз.
Шетелдік білім және ғылым мекемелеріне оқуға, тілдік және ғылыми тағылымдамадан өтуге жіберілетін Баишев Университетінің білім алушыларының саны жыл сайын көбеюде. Университет жыл сайын халықаралық конференцияларға, кездесулерге қатысу үшін ТМД, Еуропа, Солтүстік Америка, Таяу Шығыс және Азия елдеріндегі шетелдік университеттер мен ұйымдардың шақыртуы бойынша университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен әкімшілік қызметкерлеріне шетелдік іссапарлар ұйымдастырады. 2020 жылдан бастап оқытушылар, қызметкерлер және білім алушылар әртүрлі халықаралық конференциялар мен кездесулерге онлайн режимде қатысып жүр.
Халықаралық қолдау
Халықаралық байланыстар департаменті университетіміздегі шетел азаматтарына төмендегі мәселелер бойынша жан-жақты қолдау көрсетуге және көмек көрсетуге әркез дайын:
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдары мен нормативтік-құқықтық актілеріне сүйеніп, көші-қон рәсімдерін жүргізу кезінде кеңес беру және қолдау көрсету;
- бейімделу кезеңінде қолдау көрсету, университеттің академиялық және әлеуметтік ортасына кірігуге, сондай-ақ жалпы елдің мәдениетімен таныстыруға бағытталған арнайы бағдарламалар мен іс-шараларды ұйымдастыру;
- университеттегі шетел азаматтары мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары арасындағы байланыстырушы буын ретінде жұмыс істеу;
- Баишев Университетін интернационалдандыруға жәрдемдесу, халықаралық ынтымақтастық пен мәдениетаралық өзара әрекеттесуді одан әрі дамытуға мүмкіндік беру.
Өзара алмасу бағдарламаларына қатысу үшін үміткерлер келесі талаптарға сай болуы керек:
- Өтініш беру кезінде бакалавриаттың бірінші семестрін аяқтауы;
- Ағылшын тілін тиісті деңгейде білу немесе қабылдаушы серіктес университетте қолданылатын оқу тілін меңгеруі;
- GPA 2.0 немесе одан жоғары болуы керек;
- Студенттік өмірге белсенді қатысуы.
Сұрақтар туындаған жағдайда бізбен телефон немесе электронды пошта арқылы хабарласыңыз.
Байланыс ақпараты:
E-mail: | int.dep@bu.edu.kz |
Instagram: | @int_dep_bu |
Телефон: | +7 (7132) 97-40-83 |
Ішкі нөмір: | *834 |
Факс: | +7 (7132) 52-36-00 |
Мекен-жайы: | 030000, Қазақстан, Ақтөбе қ., Ағайынды Жұбановтар көш. 302 А, 423-ауд |
Халықаралық қатынастар департаментінің директоры:
Ерниязова Жанат Тулегеновна