• Қазақ тілі
  • Русский
  • English

Ғылыми кеңес

Ғылыми кеңес – университетті алқалы басқарудың жоғарғы органы. Ғылыми кеңестің құрамы жыл сайын бекітіледі. Ғылыми кеңес төрағасы  Ғылыми кеңестің жұмысын ұйымдастырады және оның қызметін Қазақстан Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің  “Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы” 2025 жылғы 1 сәуірдегі № 157 бұйрығына және Ғылыми Кеңес туралы ЖОО ішілік ережеге сәйкес қамтамасыз етеді.

Ғылыми кеңестің қызметі оның құзыретіне кіретін мәселелерді ашық ұжымдық талқылауға негізделген.

Ғылыми кеңес өз жұмысын оқу жылына арналған жұмыс жоспары негізінде ұйымдастырады.

Мақсат – жоғары білім беру жүйесінің басымдықтарына, университеттің даму стратегиясына сәйкес университетті тиімді, ашық және демократиялық басқаруды, қызметкерлер мен білім алушылардың қатысуын қамтамасыз ету.

Негізгі міндеттері:

1) оқу, білім беру, ғылыми-зерттеу, инновациялық және әкімшілік-шаруашылық қызметтің негізгі мәселелерін қарау, талқылау және шешімдер қабылдау;

2) білім беру және ғылыми процестерге инновацияларды енгізуге жәрдемдесу;

3) мүдделі тараптардың, оның ішінде қоғам мен мемлекеттік органдардың алдында өз қызметінің ашықтығы мен есеп беруін қамтамасыз ету;

4) ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін университеттің құрылымдық бөлімшелері арасындағы өзара іс-қимылды күшейту;

5) өз бастамасы бойынша немесе университеттің құрылымдық бөлімшелерінің ұсынысы бойынша академиялық немесе ғылыми қызығушылық тудыратын мәселелерді қарау және тиісті шаралар қабылдау;

6) Ғылыми кеңес шешімдерінің орындалуын талдау, қол жеткізілген нәтижелерді бағалау және қажет болған жағдайда түзету шараларын қабылдау.

Ғылыми кеңесінің шешімдері оның отырыстарында ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

Ғылыми кеңестің құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешімдері университеттің барлық қызметкерлері мен білім алушылар үшін міндетті болып табылады. Ғылыми кеңес қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауға құқылы.

Ғылыми кеңестің әрбір мүшесі Баишев Университетінің мүдделерін және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алуы тиіс және Ғылыми кеңестің құзыретіне қатысты үдерістерді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге құқылы.

Ғылыми кеңес өз жұмысын оқу жылына бекітілген жұмыс жоспары негізінде ұйымдастырады

2025-2026-оқу-жылына-арналған-Ғылыми-кеңесінің-жұмыс-жоспары-1
Мұрағат
Skip to content