2025 жылдың қыркүйек айында 40 жасқа дейінгі ғалымдары мен жас зерттеушілерін біріктірген Баишев Университеті Жас ғалымдар кеңесінің алғашқы отырыс болып өтті.
Отырыс барысында кеңестің алдағы кезеңге арналған қызметінің жоспарлары, сонымен қоса жасанды интеллект бағыттары бойынша ғылыми конференциялар, семинарлар, біліктілікті арттыру курстарын, сондай-ақ басқа да ғылыми және білім беру бастамаларды ұйымдастыру мәселелері қаралды. Сонымен қатар, қатысушылар Кеңес жұмысының тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға байланысты бірқатар ұйымдастыру мәселелерін талқылады. Әсіресе жас зерттеушілердің жарияланымдық белсенділігін арттыру мәселесіне ерекше назар аударылды және отандық және халықаралық басылымдарда ғылыми зерттеулердің нәтижелерін кәсіби өсу, ғылыми байланыстарды кеңейту және академиялық қоғамдастықтағы Баишев университетінің беделін нығайту құралы ретінде ұсынудың маңыздылығы атап өтілді.
Жас ғалымдар кеңесі белгіленген бастамаларды іске асыру және университетте ғылыми-зерттеу қызметін одан әрі дамыту жөніндегі жұмысын жалғастырады.
