• Қазақ тілі
  • Русский
  • English

Тіл арқылы бірлік: Баишев Университеті “Ұлттық диктант” жобасын қолдады

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәдени-ағарту бастамасы — “Ұлттық диктант” жобасы Баишев Университетінде табысты жүзеге асырылды. Жобаның мақсаты – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, халықтың тілдік сауаттылығын арттыру және ұлттық бірегейлікті нығайту. Диктант 2025 жылдың 16–29 қазан аралығында офлайн форматта өткізілді. Іс-шараға 2849 білім алушы, сондай-ақ 170 профессор-оқытушы құрамы қатысты. Іс-шараны ұйымдастыру мен үйлестіруді Академиялық департамент және Жоғары мектеп декандары жүзеге асырды. Қатысушылар бұл бастамаға жоғары қызығушылық пен белсенділік танытты.

“Ұлттық диктант” жобасы жоғары деңгейде өткізіліп, мемлекеттік тіл мен ұлттық құндылықтарды дәріптеуде маңызды қадам болды.

Skip to content