Баишев университетінің 30 жылдығына орай, Ұлттық валюта – теңге күні мен Қаржыгерлердің кәсіби мерекесіне арналған “Теңге және қазіргі заманғы қаржылық технологиялар” тақырыбында 2025 жылы 12 қарашада ғылыми-практикалық дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментінің өкілі Досмағамбетова Ж.С. және жасанды интеллект интеграциясы бойынша сарапшы, кәсіпкер Мұхит Р. арнайы қонақ ретінде қатысты.
Дөңгелек үстелде өзекті мәселелер қозғалып, қаржылық технологиялар саласындағы трендтер мен теңгенің заманауи рөлі туралы пікірталас, талқылаулар жүргізілді.
