• Қазақ тілі
  • Русский
  • English

«Тапқыр достар»

13 қараша 2025 жылы  Баишев  Университетінің  30 жылдығы аясында, Ұлттық валюта күні мен Қаржыгерлердің кәсіби мерекесіне байланысты  «Тапқыр достар» атты қаржылық сауаттылыққа арналған  интеллектуалдық сайыс өтті. Сайысқа 6В04131- «Қаржы», 6В04141- «Есеп және аудит», 6В04111- «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламаларының білімалушылары қатысты. Шара білімалушылардың қаржы саласындағы білімін тереңдетіп, логикалық ойлау мен командалық жұмысты дамытуға бағытталды. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ерекше  әсер қалдырды. Қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Skip to content