Баишев университетінің 30 жылдық мерейтойы аясында Жаратылыстану-гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің ұйымдастыруымен университет ішілік ер балалар арасында волейболдан жарыс өткізілді.
Аталған спорттық шараның басты мақсаты – студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, достық қарым-қатынасты нығайту және командалық рухты арттыру болды.
Жарысқа университеттің әр түрлі факультеттері мен мамандықтарынан құралған 12 команда қатысты. Олар:
1. «Арландар»
2. «Юристы»
3. «Құрылыс»
4. «Спорт (1 курс)»
5. «АЖБ Мұнай»
6. «Дене шынықтыру және спорт»
7. «Birlik»
8. «Достық»
9. «Жастар»
10. «Мұнай-газ»
11. «Тау-кен»
12. «Алаш»
Көрермендер тартысты ойындарға куә болды. Әр команда жеңіске деген жігер мен спорттық шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша:
🥇 I орын – «Арландар» командасы
🥈 II орын – «Мұнай газ» командасы
🥉 III орын – «Дене шынықтыру және спорт» командасы иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы марапаттармен және грамоталармен марапатталды.
Осындай іс-шаралар студенттердің спортқа деген қызығушылығын арттырып, ұжымдық бірлікті нығайтуға өз үлесін қосады.



