“Чемпиондық рух” шағын футбол турнирінде Баишев командасы жүлделі II орынды иеленді
17 қараша – Студенттер күніне орай Ақтөбе облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен “Чемпиондық рух” атты шағын футбол турнирі өткізілді. Жарысқа қаламыздағы оқу орындары мен жастар ұйымдарынан құралған 8 команда қатысып, өзара тартысты ойын өрнегін көрсетті.
Турнир барысында командалар шеберлік, жылдамдық және командалық бірліктерін жан-жақты танытты. Әр ойын жоғары деңгейде өтіп, көрермендерге әсерлі сәттер сыйлады.
Жарыс нәтижесі бойынша:
Баишев командасы “Чемпиондық рух” шағын футбол турнирінде жүлделі II орынды иеленді.
Бұл жетістік – команда ойыншыларының қажырлы еңбегі мен жоғары дайындықтарының жемісі.
Іс-шараның мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, студенттердің спортқа деген қызығушылығын арттыру және достық қарым-қатынасты нығайту. Турнирге қатысқан барлық командаларға алғыс айтылып, жеңімпаздар арнайы марапаттармен құрметтелді.
Баишев университеті студенттерінің осындай спорттық додаларда табысқа жетуі – университеттің рухын көтеріп, жаңа жеңістерге жігерлендіреді.





