«Жоғары мектептің жас зерттеушілерін жүйеге дайындауда тәлімгерлікті интеграциялау»



Академик Сақтаған Бәйішевтің туғанына 115 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Жоғары мектептің жас зерттеушілерін жүйеге дайындауда тәлімгерлікті интеграциялау» атты Форум жұмысының нәтижелері

(1-2 қазан 2024 жыл)

1-2 қазан 2024 жылы академик Сақтаған Бәйішевтің туғанына 115 жыл толуына орай халықаралық ғалымдардың қатысуымен «Жоғары мектептің жас зерттеушілерін жүйеге дайындауда тәлімгерлікті интеграциялау» атты Форум өткізілді.

Форум аясында шақырылған ғалымдар мен зерттеушілер Пленарлық мәжіліске және Дөңгелек үстелге қатысып, шетелде және Қазақстан Республикасында ғылыми кадрларды даярлаудағы тәжірибелерімен бөлісті.

Удмурт мемлекеттік университеті Тіл және әдебиет Институтының (РФ Ижевск қ.) доценті, филология ғылымдарының кандидаты Тойкина Ольга Владимировна құттықтау сөз сөйледі.

Форумда «ҚР аймақтық ЖОО жас зерттеушілерінің ғылыми әлеуетін дамыту: тәлімгерлік моделі» Ғылыми жобасының (2022-2024) жүзеге асырылу нәтижелерін қамтуға көп көңіл бөлінді. Осы жобаның эксперименттік тобына қатысушы жас ғалымдарға үш жылдық тәлімгерлік бағдарламасын сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар (144 сағат көлемінде) табысталды.

Ғылыми жобаны жүзеге асырудағы жоғары деңгей және кәсібилік үшін жобаның зерттеу тобының мүшелеріне (Ж.А.Майдангалиеваға, Г.А.Кузембаеваға, Б.Г.Ташмухамбетовке) Баишев Университетінің Президенті С.Б.Ахановтың Алғыс хаттары табысталды.

Шараның барлық қатысушыларына қатысқандығы туралы сертификаттар берілді

Skip to content Play