Ағымдағы жылдың 8 қазанында сағат 21:00-де Баишев Университетінің жатақханасында университеттің әлеуметтік мәдени даму жөніндегі проректоры Ш.М.Бухарбаев және әлеуметтік-мәдени даму департаменті директоры С.Т.Жалмағанбетова, жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Н.М.Алтаев, жатақхана тәрбиешісі А.О.Ержанова және жатақхана студенттер кеңесінің төрайымы Г.Шотықбаева жатақханада тұратын білім алушылармен кездесу өткізді. Жиналыс барысында жатақханың ішкі тәртіп ережесі, мәдени-көпшілік шараларға білімалушылардың қатысуы туралы айтылды. Жиналыста университетіміздің әлеуметтік мәдени даму проректоры Ш.М.Бухарбаев білімалушыларды ішкі тәртіп ережесімен таныстырып өтті. Сонымен қатар жатақхана тәрбиешісі Ержанова Акмарал Ордабаевна білім алушылардың тәртібі туралы өз ойын айтты. Жиналыс соңында білім алушылар сұрақтарын қойып, қойылған сұрақтарына қанағаттанарлық жауаптарын алды.