• Қазақ тілі
  • Русский
  • English

“Біртұтас тәрбие жүйесі ынтымақтастығы” жобасы 

Бүгін колледж конференц-залында «Біртұтас тәрбие жүйесі ынтымақтастығы» жобасының жоспарына сәйкес, Баишев мектеп-лицей ұжымы мен 5-6 класс оқушыларына ұлт тарихында ұмытылмас із қалдырған, өз дәуірінде ел басқару ісіне араласқан және сарабдал саясатшы болған Бопай ханым туралы және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ғылым академиясының академигі С.Бәйішевтің өмірбаяны мен ғылымдағы ролін баяндаған таныстырылым өтті.

Шара спикерлері экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, Баишев университетінің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Бұхарбаев Шыныбек Мұсаұлы академик С.Бәйішевтің өмірбаяны мен ғылымдағы ролі туралы құнды ақпарат берсе, Бопай ханым жоғары медициналық колледжі тарих пәнінің оқытушысы Шахабаева Жанар Болатқызы Бопай ханымның тарихи тұлғасы туралы баяндады.

Тарихи таныммен ұрпақ өседі, ұлттық сана қалыптасады десек, бүгінгі шарада тарихи тұлғаларымыздың өнегелі өмір жолдары жас ұрпаққа кеңінен насихатталып, есімдері ұлықталды.

Skip to content Play