Құрметті Баишев Университетінің оқытушы-профессорлары, студенттері және магистранттары!
Сіздерді 1 қыркүйек – Халықаралық Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Кемел келешек кілті – озық білімде. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының «Білімді болу үшін оқу керек, бай болуға кәсіп керек, ал күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» – деген қағидасы бүгін де маңызын жойған жоқ.
Біздің басты мақсатымыз – жастарға сапалы білім беру, білікті ғылыми кадрларды даярлау, мемлекет дамуына қызмет ететін білікті мамандарды тәрбиелеу. Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Жаңа оқу жылы табысты болсын!
Ізгі тілекпен: Баишев Университетінің Ректоры О.И.Лыгина