“Қайырымдылықтың кез келген әрекеті қаншалықты аз болса да, ешқашан текке кетпейді!”



Баишев Университетінің «Үміт нұры» еріктілер тобының ұйымдастыруымен 31 қазан күні «Аз қайырымдылық жасаудан ұялма, құр қол қайтару одан да аз!” атты қайырымдылық жәрмеңкесі болып өтті. Студенттер әзірлеген тағамдар мән тәттілер жәрмеңкесіне профессор-оқытушылар да атсалысты.
Дәстүрге айналған жәрмеңкенің мақсаты – университет ұжымы мен студенттерінің санасында мейірімділік, өзара жанашырлық, қайырымдылық сияқты ізгі ұғымдарды қалыптастыру.
Жәрмеңкеден түскен қаражат қаламыздағы балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін жұмсалады.
Жастардың бұл игі бастамасы көпшілік көңілінен орын алды.
Сондықтан бұл шара алдағы уақытта да жалғасатынына сеніміміз мол.

Skip to content Play