«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамындағы Халықаралық «Қазақ тілі қоғамының» бастауыш ұйымы Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасымен бірлесіп, «Халық қазынасы» байқауын өткізді.
Аталмыш байқауға Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, М.Оспанов атындағы БҚМУ, Т.Бигельдинов атындағы ӘҚК Әскери институты, Қазақ-орыс халықаралық университеті студенттері мен «СНПС-АМГ» АҚ-ның жастары қатысты.
Байқау 3 кезеңнен тұрды. Жеребе арқылы таңдалған шығарма бойынша көрініс қою, берілген тақырыпты аша отырып, бейнеролик түсіру және сұрақтарға жауап беру таңдалды.
Ақтөбе облысындағы жоғары оқу орындары студенттерінің және «СНПС-АМГ» АҚ-ның жастарының арасындағы байқауына Баишев Университетінің «Жаратылыстану-гуманитарлық ғылымдар» жоғары мектебінің білім алушылары қатысып, жүлделі 3-ші орынға ие болды. Команда 200 000 теңге көлеміндегі сертификат иеленді. Білім алушылар мен «Жаратылыстану-гуманитарлық ғылымдар» жоғары мектебінің деканы Б.С. Кульбаеваны жеңісімен құттықтаймыз!