Ағымдағы жылдың 18 қарашасында Баишев университетінде Әлеуметтік- мәдени даму департаментінің ұйымдастыруымен Ақтөбе қалалық санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Муханбетова Аяулым және Егізбаева Құттыгүлмен «Менингококкты инфекцияның алдын алу шаралары» және одан қорғану мәлелелері тақырыбында кездесу өткізілді. Бас қосу барысында университет медбикесі Гулжанат Мырзагалиқызы білім алушыларға қоғамдық орындардағы тазалық шаралары туралы ақпараттар берді.