«Балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі ойынның ролі»



Баишев университетінде ағымдағы 2024 жылдың 20 қарашасында «Жаратылыстану-гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі» мен 6В01211 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу;  6В01311 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі; 6В01111 Педагогика және психология білім беру бағдарламаларының ұйымдастыруымен «Балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі ойынның рөлі» тақырыбында семинар өтті.

Семинарда Баишев мектеп-лицейі мұғалімдері, Ақтөбе қаласы бойынша «Көктемір», «Бөлтірік», «Айлин» және «Аманат-Балақай» балабақшаларының тәрбиешілері белсенділікпен қатысып, тәжірибелерімен бөлісті. Баяндамада мамандықтары бойынша теориялық білімдерді практикада пайдаланудың жолдарымен таныстыру барысында мағыналы пікірталас орын алды. Тәжірибелі мамандар білім алушыларға тапсырмалар беріп, семинардың практикалық құндылығын аша түсті. Білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтар жан-жақты талқыланды. Семинар өте жоғары деңгейде өтті.

Skip to content Play