«Қоғам, заң және тәртіп»



Баишев университетінде ағымдағы жылдың 20-қарашасында Әлеуметтік-мәдени даму департаментінің ұйымдастырумен «Қоғам, заң және тәртіп» тақырыбында Ақтөбе облысының ішкі істер департаментінің өкілдерімен кездесу өтті Кездесуге Ақтөбе облысы Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны Талғатбек Самат Мұратұлы, Ақтөбе қаласы ПБ ЖПҚБ ЮПБ аға инспекторы, полиция капитаны Жұмабаев Алмас Берикұлы, Ақтөбе облысы Полиция департаменті Криминалды полиция басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны Құрмангазин Аян Газинурович, Ақтөбе облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Мандыбай Мақсат Қайратұлы және Ақтөбе облысы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Бәйдеу Абзал Қайсарұлы қатысты.

Бас қосудың мақсаты – Ақтөбе облысы Ішкі істер департаментінің өкілдерімен студент жастар арасында заң бұзушылықтың, яғни нашақорлық, қаржылық алаяқтық, лудомания, буллинг және т.б. келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында кең көлемде әңгіме жүргізу, заңбұзушылық түрлерінің алдын алу.

Skip to content Play