Ағымдағы жылдың 2 желтоқсан күні сағат 13:00-де Баишев университетінде полиция инспекторлары Ақтөбе қаласы, Астана ауданы № 2 ҚПБ ЖПБҚ бастығы, полиция капитаны М.К.Мухтаров, полиция аға лейтенанты Г.Р.Маликова, полиция капитаны Г.Г.Нурбаевамен қазіргі таңдағы туындап отырған жастар арасындағы тәртіпбұзушылық мәселесі бойынша кезектен тыс кездесу өтті.
Аталған азаматтар кездесу барысында тәртіп сақтауға, тәртіп бұзудың салдары неге әкелетінін айтып өтті. Тақырыпқа байланысты бейнефильм көрсетілді.