2024 жылдың 26-29 қарашасы аралығында Жаратылыстану-гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің профессоры, з.ғ.к. Телибекова Ирина Меңдигереевна екі университеттің – М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Заң факультеті мен О.Е. Кутафин атындағы Мәскеу мемлекеттік заң университеті (MSAL) алаңдарында өткен, өз бағдарламасына 85-тен астам секцияны, сондай-ақ Ресей, Беларусь, Қазақстан және Қытайдан келген 2000-нан астам ғалымды, мемлекеттік қызметкерді және тәжірибелі заңгерді біріктірген бірлескен Мәскеу заң апталығына қатысты. Сонымен қатар И.М.Телібекова В.А.Мусин атындағы Энергетикалық құқық және қазіргі заң ғылымын дамыту орталығының шақыртуымен Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қазақстан, Сербия, Монғолия, Үндістанның жетекші ғалымдары мен тәжірибелі заңгерлері қатысқан «Қазіргі көпполярлы құқықтық тәртіп: теория мен тәжірибе мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.