ЖАС ОҚЫТУШЫЛАР МЕКТЕБІ



«Жас оқытушы мектебі» ондаған жылдар бойы үздіксіз жүргізіліп келеді және университеттің оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. «Жас оқытушы мектебі» жұмысының мақсаты – педагогикалық тәлімгерлікті ұйымдастыру, жас мамандарды инновациялық білім беру қызметінде жаңа технологияларды жан-жақты іздей отырып, нәтижеге бағдарланған заманауи өмір талаптарына сәйкес еңбек етуге үйрету болып табылады; оқыту сапасын арттыру, өз қызметінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдалана отырып, білім алушыларды белсенді дамыту.

«Жас оқытушы мектебі» аясында 2024 жылдың 14-24 қазан аралығында 72 сағаттық «Педагогикалық шеберлік және оны жетілдіру жолдары» курсы ұйымдастырылды. Курсқа университеттің 7 жас оқытушысы қатысты. Курстың мазмұны алты модульді қамтыды, онда тәлімгерлер заманауи жоғары білім беруде инновациялық, ақпараттық технологиялар мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру туралы өзекті мәселелер бойынша семинарлар, тренингтер, дәрістер, практикалық жұмыстар өткізді. Курс барысында жас оқытушылар ішкі тәртіп Ережелерімен, еңбек тәртібінің міндеттерімен, лауазымдық міндеттерімен, жеке шарттарымен, ЖОО-дағы сабақтардың ерекшеліктерімен, ЖОО-дағы оқытудың заманауи әдістерімен, оқу процесінде заманауи ақпараттық технологияларды пайдаланумен, «Platonus» автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу мүмкіндіктерімен және электрондық кітапхана ресурстарымен танысты.

Оқу-әдістемелік жұмыстың нәтижелері бойынша курсты толық меңгерген жас оқытушыларға сертификаттар табысталды.

Skip to content Play