6 желтоқсан 2024 жылы «Ғылым және білім: әлеуметтік-экономикалық дамудың қазіргі заманғы бағдарлары мен міндеттері жүйесіндегі конвергенцияның бағыттары мен тетіктері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның пленарлық мәжілісі болып өтті. Конференцияның ұйымдастырушылары: Татарстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, «ТИСБИ» Басқару университеті» ЖБМ, «Колледж «ТИСБИ» ПБМ, Аджинкья Д.Ю. Патил Университеті (Индия), Баишев Университеті (Республика Казахстан), «Беларусь Мемлекеттік технологиялық университеті» БМ (Беларусь Республикасы), Халықаралық Психология ғылымдарының академиясы (ХПҒА), «ТИСБИ» Басқару университеті» филилалы Набережные Челны ЖБМ. Конференция мақсаты: әлеуметтік-экономикалық даму контекстінде ғылым мен білім конвергенциясының заманауи тенденциялары мен тетіктерін талдау және талқылау. Конференция қоғам мен экономиканың тұрақты дамуы үшін ғылыми зерттеулер мен білім беру процестерін біріктіруге ықпал ететін тиімді стратегиялар мен тәсілдерді анықтауға бағытталған.