• Қазақ тілі
  • Русский
  • English

“Ақиық ақын Мұқағали” тақырыбында поэзиялық іс-шарасы өтті

2025 жылдың 7 ақпан күні Баишев университетінде Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі департаменттің ұйымдастыруымен “Ақиық ақын Мұқағали” тақырыбында поэзиялық іс-шара өткізілді.

Іс-шараға арнайы шақырылған қонақтар – Нұрмұхамедов Берік Бегімұлы және Қартаңбай Олжас Талғатұлы қатысып, ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша баяндап, білім алушыларға өз өлеңдерін оқып берді. Студенттер де белсене қатысып, Мұқағали ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, келген қонақтарға сұрақтарын қойды.

Шара барысында Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Ш.М. Бухарбаев және Әлеуметтік-мәдени даму департаментінің директоры С.Т. Жалмағанбетова сөз сөйлеп, ақынның шығармашылығына тоқталып өтті және келген қонақтарға өз алғыстарын білдірді.

Биыл Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толды. Ол – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын. Өз заманында лайықты бағасын ала алмаса да, кейінгі ұрпақ үшін мәртебесі биік, өшпес мұра қалдырған тұлға.

Skip to content