18.02.2025 ж. Баишев университеті Жаратылыстану-гуманитарлық ғылымдары Жоғары мектебінің з.ғ.к. профессоры Б.А. Телибеков пен з.ғ.к. проффесоры И.М. Телибекова Ақтөбе қалалық N2 сотына практика сабақ ретінде Құқықтану БББ 302 және 401-ші топтардың білім алушыларын апарып қылмыстық сот процесіне қатыстырды. Сот отырысында алаяқтық бойынша қылмыстық істің барысында қаражатты қайтару туралы азаматтық іс қарастырылды. Сот айыпталушыны 4 жылға бас бостандықтан айыру туралы және жәбірленушының 4 млн. 600 мың тенге қаражат қайтару тұралы сот актысын шығарып жариялады. Сот шығарылған сот актысын талдап түсіндіріп кетті. Бұл сот отырысындағы өткен “Заң консультанттарының қызметін құқықтық реттеу” және “ҚР азаматтық іс жүргізу құқық” пәндер бойынша практика сабақтар дуалды оқытумен өткізілген.