2025 жылдың 13 ақпанында Бәйішев атындағы университеттің түлектерімен «Алғашқы жұмыс: жұмыс іздеу стратегиясы» тақырыбында тренинг өткізілді. Баяндамашы: мансап бойынша кеңесші Айнұр Тұрланқызы.
Тренингтің мақсаты: түлектерге жұмысқа орналасудағы негізгі қиындықтарды жеңуге көмектесу, жұмыс іздеудің тиімді стратегияларын талдау және түлектердің өзін-өзі таныстыру дағдыларын дамыту. Тренинг форматы: интерактивті тренинг, пікірталас, практикалық жаттығулар, желілік жұмыс. Түлектер жұмыс іздеу стратегиясының негізгі қадамдарымен және әңгімелесуге дайындықпен (HR-мен симуляцияланған сұхбат) таныстырылды.