2025 жылғы 12 ақпанда Баишев Университетінде Әлеуметтік-мәдени даму департаментінің ұйымдастырумен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі, Ақтөбе филиалының өкілдері Умурзаков Еділ Умурзакович және Джумабаев Нұрлан Максетовичтің қатысуымен “ҚР Ұлттық банкі ақша-кредит саясаты» тақырыбында кездесу өтті. Кездесу барысында ақша- кредит саясаты, инфляция, төлем жүйелері және интернет алаяқтығы жайлы тақырыптар қозғалды.