2025 жылдың 13 ақпанында Баишев Университетінде Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі департаменттің ұйымдастыруымен «Наркомания, лудомания және буллингтің алдын алу» тақырыбында кездесу өтті.
Шараға мамандандырылған күзет басқармасының ПБ полицейі, полиция сержанты Бейбіт Ақбота Айбекқызы және Ақтөбе облысы МКҚБ полиция батальонының взвод командирі, полиция капитаны Ишанқұлов Нұрдәулет Қайратұлы арнайы қонақ ретінде қатысты.
Кездесу барысында қазіргі қоғамдағы жастар арасындағы құқық бұзушылық, құмар ойынға (лудомания) әуестену, сондай-ақ есірткі заттарын заңсыз қолдану мәселелері талқыланды. Білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қажетті ақпарат алды.