• Қазақ тілі
  • Русский
  • English

ҚМДБ «Жастар ісі секторы»

2025 жылдың 5 наурыз күні Баишев университетінде Әлеуметтік-мәдени даму департаментінің ұйымдастыруымен ҚМДБ «Жастар ісі секторы» Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі “Досжан Хазірет” мешітінің ұстазы Қорған Аслан Дәуірханұлы мен кездесу өтті. Кездесу барысында ұстаз жастарға оразаның мәні мен маңызы, намаздың рухани тазалықтағы рөлі, сондай-ақ, мұсылманның мінез-құлқы мен сыйластық туралы сөз қозғады.

Қорған Аслан Дәуірханұлы мінез-құлықтың, әсіресе, жастар арасында үлкен маңызға ие екендігін, мұсылманның әрбір ісі мен сөзінде сыйластық пен адалдық болуы керектігін атап өтті. Бұл кездесудің мақсаты – жастардың діни сауатын арттырып, оларды дұрыс жолға бағыттау болды.

Skip to content