Баишев Университетінде Әлеуметтік-мәдени даму департаментінің ұйымдастыруымен «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне» арналған мерекелік іс-шара өтті.
Шараға университеттің оқытушылары мен қызметкерлері, білім алушылар, арнайы шақырылған қонақтар қатысты.
Әдеби-сазды мерекелік шарада университеттің нәзік жандылары қызметтегі еңбектері мен жетістіктері үшін Ақтөбе облысы әкімінің, Ақтөбе қаласы жастар ресурстық орталығы басшысының, сондай-ақ, университет ректорының алғыс хаттарымен марапатталды.