• Қазақ тілі
  • Русский
  • English

«Жақсылық жасап жарысайық»

18 наурыз күні Баишев Университеті мен «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС бірлесе отырып, «Жақсылық жасап жарысайық» атты шара өткізді.
Баишев университеті мен «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС арасында ұйымдастырылған маңызды шараға университеттің белсенді білім алушылары қатысты. Бұл шараға «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС бас директоры Союнов Нурсейит Джомартович, кадр және әлеуметтік мәселелер департаментінің директоры Утегенов Аскат Асылханович және адами ресурстарды басқару, еңбекақы төлеу және әлеуметтік саясат бөлімінің оқыту және персоналды дамыту жөніндегі жетекші маманы Имжарова Назира Мурзабаевналар қатысты.
Шара барысында «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-нің бас директоры Нурсейит Джомартович университеттің үздік оқитын және қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысатын 20 білім алушыға оқу ақысына 550.000 теңгелік сертификаттар табыстады.
Шарада білім алушылар білім алу жолындағы үздік жетістіктері мен белсенділігі үшін арнайы марапатталды. Бұл шара жастарды ғылым мен білімге деген құштарлықтарын арттыруға бағытталған және білім саласына қаржылық қолдау көрсету мақсатын көздейді.
«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС компаниясының өкілдері өз сөздерінде жастардың болашағы жарқын екенін айтып, олардың кәсіби әрі білімді тұлға болып қалыптасуына үлес қосуға ниет білдірді.

Skip to content