• Қазақ тілі
  • Русский
  • English

«Бұрымды ару»

2025 жылғы 19 наурызда Баишев Университетінде әлеуметтік-мәдени даму департаментінің ұйымдастыруымен ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында ару білім алушылар арасында «Бұрымды ару» байқауы өтті. Бұл байқау қазақ қызының сұлулығы мен инабаттылығын, ұлттық дәстүрлерге деген құрметін көрсетуге бағытталды. Байқауға университеттің әртүрлі білім беру бағдарламаларының арулары қатысып, шаштарын ерекше сәндеп, өріп, әсемдеп өздерінің талғамдарын көпшілікке паш етті. Байқауда профессор-оқытушылар құрамы әділқазылық етіп бұрымды арулардың еңбегін бағалады. Орын алған аруларға марапат пен сыйлықтар табыс етілді.

Skip to content