• Қазақ тілі
  • Русский
  • English

«Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз»

2025 жылғы 20 наурызда «Баишев білім корпорациясында» «Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз» мерекесі атап өтілді. Іс-шараға Баишев Университеті, Бопай ханым жоғары медициналық колледжі және Баишев мектеп-лицейі белсене атсалысты. Мереке барысында ұлттық салт-дәстүрлер насихатталып, наурыз көже, бауырсақ, қымыз және басқа да дәстүрлі тағамдар ұсынылды. Арқан тарту, асық ату, қол күресі сынды ұлттық ойындар ұйымдастырылып, өнерпаздар ұлттық би мен әндер орындалды. Шарада «Баишев білім корпорациясының» өнерпаздары сахналық қойылымдар қойды. Құттықтау сөз сөйлеген университет басшылығы Наурыз мейрамының бірлік пен жаңару символы екенін атап өтті. Шара барысында білім берушілерге және спорттық ойынға қатысқан қатысушылар мен жеңімпаздарға алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды. Наурыз мерекесі қатысушыларға ерекше көңіл-күй мен ұмытылмас әсер сыйлады.

Skip to content