
Күнтізбедегі бұл дата кездейсоқ таңдалмағаны белгілі. 12 сәуір – Ғылым академиясының тұңғыш Президенті, көрнекті ғалым-геолог Қаныш Сәтбаевтың дүниеге келген күні. Қазақтан шыққан тұңғыш академиктің ғылым саласында жолын қуған ізбасарлары аз емес. Біз ғылымның дамуына зор үлес қосып келе жатқан ғалымдарымызды мақтан тұтамыз. Ғылым қызметкерлері күні тек ғалымдарға ғана қатысты емес, бұл әрқайсымыз үшін мереке.
Ғылымның мақсаты – адамзатқа қызмет ету және адамзаттың барлық жетістіктері көп жылғы зерттеулер арқылы жасалады. Ал қазақстандық ғылымның даңқты мұрасы болашақ ұрпақтың ғылыми жаңалықтарының берік іргетасы болуы өте маңызды.
Бүгінгі таңда Баишев Университетін Қазақстанның жоғары оқу орындарының, алыс-жақын шетелдердің ғылыми қауымы кәсіби күнімен құттықтап, қызықты ғылыми мәселелер, шешімдер, зерттеу нәтижелерін тәжірибеге белсенді енгізу және жемісті еңбек тілейді.
Сіздерге зерттеулер мен ғылыми жаңалықтарға сарқылмас қызығушылық тілейміз! Жұмысыңыз табысты, зор денсаулық тілейміз! Мерекелеріңіз құтты болсын!