• Қазақ тілі
  • Русский
  • English

«Қаржылық қауіпсіздік»

2025 жылдың 9 сәуірі күні Баишев университетінде Әлеуметтік-мәдени даму департаментінің ұйымдастыруымен және Экономикалық тергеу департаментінің бастығы Абдыханов Қуат Аманбековичтің қатысуымен «Қаржылық қауіпсіздік» тақырыбында ашық тренинг өткізілді. Тренинг барысында қаржылық алаяқтықтан қалай сақтану керек, дропер деген кім және AML Academy туралы қысқаша түсінік берілді. Сонымен қатар, басқа да маңызды тақырыптар қозғалып, қатысушыларға пайдалы ақпараттар ұсынылды. Тренингке қатысқан білім алушыларға келген қонақтар шағын тест өткізіп, жоғары нәтиже көрсеткен қатысушыларға сыйлықтарын табыстады.

Skip to content