Skip to content
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English

Мөңке би Тілеуұлының 350 жылдығы

2025 жылдың 10 сәуір күні Баишев университетінде Әлеуметтік-мәдени даму департаментінің ұйымдастыруымен Мөңке би Тілеуұлының 350 жылдығына арналған кездесу өтті.

Шара барысында Әбілқайыр ханның кеңесшісі, жырау және көреген би Мөңке Тілеуұлының өмірі мен қызметі туралы тағылымды әңгімелер айтылды. Кездесуге арнайы шақырылған қонақтар – Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Мемлекеттік қызмет ардагері Қаратай Елеусізұлы және филолог-ғалым, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті ректорының кеңесшісі Мұхтаров Сабыржан Сағидоллаұлы Мөңке би жайында мазмұнды баяндамалар жасады.

Келген қонақтарға студенттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, өздеріне қажетті жауаптарын алды.

Бұл шара жастардың тарихи тұлғаларды терең танып, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыруға бағытталды. 10 апреля 2025 года в Университете имени Баишев состоялось торжественное собрание, посвященное 350-летию Монке би Тилеулы, организованное Департаментом социально-культурного развития.