• Қазақ тілі
  • Русский
  • English

«Ғылым дамуының қазіргі тенденциялары: мәселелері мен болашағы»

2025 жылғы 15 сәуірде Баишев Университетте «Ғылым дамуының қазіргі тенденциялары: мәселелері мен болашағы» атты X Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының пленарлық отырысы өтті.

Іс-шараны бірлесіп ұйымдастырған:

  • Ресей мемлекеттік әлеуметтік университеті
  • Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университеті
  • Г.В.Плеханов атындағы Ресей экономикалық университеті
  • Ғылыми-техникалық саладағы Ресей экономика, саясат және құқық ғылыми-зерттеу институты
  • Самара мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университеті

              Конференцияның мақсаты – ғылым мен білімнің негізгі бағыттары мен өзекті мәселелерін талқылау, әлеуметтік-экономикалық дамудың заманауи мәселелерін шешуде ғылым, білім және бизнестің күш-жігерін біріктіру үшін алаң құру.

Конференцияда Қазақстандағы және шет елдердегі әр түрлі ғылым салаларындағы өзекті тақырыптар бойынша шет елдердегі серіктес университеттердегі әріптестер мен Баишев университетінің ғалымдары онлайн және оффлайн режимінде белсенді сөз сөйледі.  Бұл ретте ғылымның сол немесе басқа бағытының дамуының тиімді жақтарының сабақтастығына баса назар аудара отырып, салыстырмалы параллель жүргізілді.

Конференцияға қатысушылар білім мен ғылымның өзекті мәселелерін талқылады, ғалымдар мен практиктер өзара тәжірибе алмасты, ғылыми және тәжірибеге бағытталған зерттеулердің сапасын арттыру және ғылыми зерттеулер мен жаңалықтарға оқып жатқан мамандарды тарту мәселелеріне назар аударды.

Қонақтар конференцияның ғылыми алаңында сөз сөйлеуге мүмкіндік бергені үшін ризашылықтарын білдіріп, алдағы уақытта Баишев Университет ғалымдарымен бірлесіп жұмыс істеуге ниет білдірді.

Баишев университетінің ұжымы қонақтар мен әріптестерге конференцияға қатысқандары үшін алғысын білдіреді.

Skip to content