2025 жылдың 18 сәуірінде Баишев Университетінің конференц-залында әлемнің тілдік және мәдени көрінісінің маңызды элементі — ономастиканы зерттеуге мүдделі студенттер мен жас зерттеушілердің қатысуымен «Заманауи ономастика: шындық және даму үрдістері» тақырыбында халықаралық ғылыми конкурс өтті.
Конкурсты жаратылыстану-гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің «Тілдер мен әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау», «Тілдер мен әдебиет бойынша педагогтарды даярлау» ДБ бойынша білім беру бағдарламаларының ПОҚ-ы ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – ономастикалық зерттеулерге қызығушылықты дамыту, жас зерттеушілердің ғылыми бастамасын қолдау, тәжірибе алмасу, ғылыми пікірталас мәдениетін дамыту және зерттеу нәтижелерін ұсыну.
Байқауға «Самара мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университеті»,Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Баишев Университеті білім алушылары қатысты.
Қатысушылар атаудың аймақтық және тарихи-мәдени аспектілеріне арналған антропонимикаға, топонимикаға арналған жұмыстарды ұсынды. Конкурстық жұмыстар тақырыптың өзіндік ерекшелігімен, талдаудың тереңдігімен және қорытындылардың өзектілігімен ерекшеленді.
Құрамына лингвистика саласындағы жетекші мамандар кірген қазылар алқасының бағалау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталып, ал үздік жобалардың авторлары дипломдармен марапатталды. Ономастика бойынша ғылыми байқау жастардың лингвистикалық зерттеулерге деген жоғары қызығушылығын және олардың ғылым мен қоғам үшін маңыздылығын растай отырып, студенттер арасында зияткерлік өсу, жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық және зерттеу мәдениетін қалыптастыру алаңына айналды.