2025 жыл сәуірдің 21 күні «Баишев Университеті» мекемесінде «Жаратылыстану-гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің» деканы Кульбаева Бакит Сагындыковна және аға оқытушы, магистр Бекжанова Данагүл Бекболатқызының ұйымдастыруымен Инклюзивті оқыту тәжірибесіне арналған стратегиялық сессия өткізілді.
Кеш қонақтары:
«Ақтөбе мозаика мектебінің» директоры Косымбаева Меткуль Ораковна
«Тренинг және халықаралық білім беру орталығы» директоры Аскарова Шынар Маратовна
«Ерекше балалалар» Ақтөбе облыстық қоғамының басшысы Ізтілеуова Раушан Ізтілеуовна
Стратегиялық сессияның мақсаты
Білім беру мекемесінде әрбір оқушының қажеттілігі мен ерекшелігін ескере отырып, инклюзивті білім беру ортасын қалыптастыру үшін тиімді стратегиялар мен іс-шараларды анықтау.
Қосымша мақсаттар:
Инклюзивті білім берудің мәнін терең түсіну;
Қызметкерлердің инклюзивті құзыреттілігін арттыру;
Арнайы білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасау тәжірибесімен бөлісу;
Инклюзивті оқытуға кедергі келтіретін негізгі мәселелерді анықтап, шешу жолдарын ұсыну;
Мекеме деңгейінде инклюзияны дамытудың нақты қадамдарын жоспарлау.
Сонымен қатар, Бекжанова Данагүл Бекболатқызының жетекшілігімен 6B013111 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі білім беру бағдарламасының білім алушыларымен «Инклюзивті білім беру» пәні бойынша практикалық сабақта орындалған көрнекі құралдар көрмесі көрсетілді.