• Қазақ тілі
  • Русский
  • English

«ТИСБИ» Басқару Университеті делегациясының Баишев Университетіне сапары

2025 жылғы 28–29 сәуір аралығында Баишев Университеті «ТИСБИ» Басқару Университетінің (Қазан, Татарстан, Ресей) делегациясын қабылдады. Делегация құрамында Университет ректоры — Дмитрий Владимирович Поляков, Сырттай оқу жөніндегі проректор — Махым Джумакулыевна Зарипова және Ақпараттық технологиялар факультетінің деканы — Людмила Борисовна Таренко болды.
Делегацияны Baishev Education Group консорциумының құрылтайшысы, Баишев Университеті Президентінің Кеңесшісі — Бекежан Ахан қарсы алды. Кездесу барысында тараптар білім және ғылым салаларындағы өзара ынтымақтастықтың негізгі мәселелері мен келешегін талқылады.
Сапар аясында «ТИСБИ» Басқару Университеті өкілдерінің Баишев Университетінің басшылығымен, профессор-оқытушылар құрамымен және қызметкерлерімен кездесуі өтті. Баишев Университетінің ректоры Ольга Ивановна Лыгина университеттің академиялық, халықаралық, ғылыми және әлеуметтік-мәдени қызметі туралы жан-жақты ақпарат ұсынды.
Қонақтарға Баишев Университеті кампусы мен Baishev Education Group консорциумының нысандары бойынша таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды.
Сапардың маңызды бөлігі — екі жоғары оқу орны арасындағы өзара ынтымақтастықтың келешегі мен бағыттары талқыланған жұмыс кеңесі болды. Басым бағыттар ретінде келесі салалар айқындалды: бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру, профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру, білім алушылар мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту, шетелдік ғалымдарды тарту, ғылыми-зерттеу жұмыстары және кітапхана қорын кеңейту.

https://www.tisbi.ru/novosti/tisbi-prodolgaet-razvivat-megdunarodnie-proekti-v-sfere-obrazovaniya-i-nauki

Skip to content