2025 жылдың 6 мамыр күні Әлеуметтік-мәдени даму департаментінің ұйымдастыруымен «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай «Ұранды ердің ұрпағы қайсар!» және «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Бұл шараға қонақ ретінде Әуе Қорғаныс Күштері Әскери институтының офицері, майор Кутанов Ізбасқан Шабанұлы, ҚР Қарулы Күштері және Тәжік-Ауған шекарасы жауынгерлік іс-қимыл ардагері Құсайнов Дамир Тілекқабылұлы қатысты. Олар Отанға деген құрметті қалай көрсету керектігі туралы және өздерінің қысқаша өмір тарихымен бөлісті.
Шараның келесі бөлігіне «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат» тақырыбындағы Әжеміздің видеосы көрсетілді. Бұл видеода Қалдымұратова Балкенже Қалдымұратқызы өзінің жүрекжарды естеліктерін айтты. Әжеміздің сөзі Ұлы Жеңіс күні мен соғыстан кейінгі қиыншылықтарды еске түсіріп, жас ұрпаққа бұл күннің маңыздылығын жеткізді .
Іс-шара барысында Телібеков Бақытбек Арықбайұлы доклад оқып, өзінің әкесі жайлы естеліктерімен бөлісті. Бұл әңгіме тек оның әкесінің ерлігі мен қызметі туралы ғана емес, сонымен қатар әрбір азаматтың Отанға деген құрметі мен патриоттық сезімін оятатын сөздер болды.
Іс-шараның соңында барлық қатысушылар Ұлы Жеңіс күнінің маңыздылығын, Отанға деген сүйіспеншілікті, құрмет пен патриотизмді арттыру қажеттігін атап өтті. Бұл күн тек ерлік пен батырлықты, сондай-ақ тарихты ұмытпау мен ұрпақтарға жеткізу міндетін еске салатын ерекше мереке екені сөзсіз.